Екі облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Боран мен көктайғақ салдарынан Астанадан шығатын жолдар жабылып, республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде жүк көліктері мен қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

Қозғалыс шектелген учаскелер:

Ақмола облысында:

  • Астана - Көкшетау - Петропавл автожолының 18-232 шақырым аралығы (Астанадан Щучинскіге дейін);
  • Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысында:

  • Астана - Шідерті - Павлодар - Успенка - РФ шекарасы автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін).

Жол шамамен 25 желтоқсанда сағат 09:00 ашылады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз