“Екі немерем үшін қиналдым“. Айқын Төлепбергеннің анасы ұлының екінші некесі туралы айтты

“Екі немерем үшін қиналдым“. Айқын Төлепбергеннің анасы ұлының екінші некесі туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Айқын Төлепбергеннің анасы ұлының екінші некесіне неге қарсы болғанын айтып, сұхбат беріп отырып жылап қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің анасы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бірінші келіні Әселден басқа ешкімді қабылдамайтынын айтып, ұлына ренжігенін жасырмай айтып берді. 

"Әселден басқа келінім жоқ, басқа келінді қабылдамаймын" деп ашық айттым. Бірақ әкесі "Баланың шешіміне қарсы болма" деді. Содан кейін батамызды бердік. Ұлым "Екі баланы ешқашанда жалғыз қалдырмаймын, жаныңа әкеп тұрамын, барып тұрасың. Бәрін толығымен өзім асыраймын" деп уәде берді. Сол сөзінде тұрды. Екі немерем үшін қиналдым. Аңсар мен Асылым үшін уайымдадым. Қасымда ғой, бірақ әкесінің қасында жүрген жоқ қой. Бір үйде қонып жүрген жоқ", – деп көзіне жас алды Айқынның анасы.

Айқын Төлепбергеннің таңдауы Жұлдыз Өмірғалиға түскен соң анасы да оны қабылдауға мәжбүр болыпты. Тіпті екінші келінімен жерлес болып шығыпты. 

"Кейін Жұлдызды қабылдадым. Бүгінде екеуінің екі баласы бар. Мінезі жақсы. Екеуміз жерлеспіз. Екеуміз де Жамбыл облысының қыздарымыз", – деді ол.

Еске салайық, тоғыз жыл бойы той жасай алмаған жұлдызды жұп жақында студияда үйлену тойын өткізген еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева