- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екі немерем бар"....
"Екі немерем бар". Жұбаныш Жексенұлы жеке өмірі туралы айтты
Фото:
Видеодан алынған кадр
Әнші Жұбаныш Жексенұлы отбасы туралы "Жарқын жүздесу" бағдарламасында айтты. Оның айтуынша, өнер иесінің екі ұлынан екі немересі бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол немерелерінің есіміне әннің атын қойғанын айтты.
"Екі немерем бар. Ләйлім және Гәкку деп есімін қойдық. Ләйлім - Әбілқайырдың қызы. Гәкку - Жанәділдің қызы. Екеуіне де әннің атын қойдық. Әнге бейімі өсе келе белгілі болады ғой. Біз баланы тәрбиелегенде "мынадай боласың" демейміз. Тек қолымыздан келгенше қолдау көрсетеміз. Ұлым Әбілқайырдың өзінің жолы, шығармашылығы бар. Өзінің жазған әндерін ғана айтады", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы