- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әкім жауабы
“Екі қыздың әкесімін“. Қарашөкеев қыз ұрлауға қатысты пікір білдірді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевке Қазақстандағы қыз ұрлау мәселесі туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары қыз ұрлағаны үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізуді ұсынған еді. Журналистер Жамбыл облысының әкімінен бұл құбылысқа деген көзқарасын сұрады.
Өңір басшысы депутаттардың ұсынысын қолдап, қыз ұрлағандарға жазаны қатаңдату қажет екенін айтты.
"Әрине, мен екі қыздың әкесі ретінде бұл мәселемен толық келісемін. Қатаңдату керек, бұл - менің азамат ретіндегі жеке пікірім. Сондықтан бұл мәселе - оңтүстікте, солтүстікте деп бөліп қарамай, барлығына ортақ. Мәжіліс деңгейінде көтерілген соң бұл мәселе туып тұрғаны анық. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, жазаны қатаңдату керек, мұнымен күресу қажет", - деді әкім.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек