- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екі қызды қылғындырып,...
"Екі қызды қылғындырып, құлағын тартқан". Астанада тұрғындар аула сыпырушысын педофил деп айыптады
Қоғам белсендісі әрі "NeMolchi.kz" қорының жетекшісі Дина Таңсарі Telegram-арнасында астаналық тұрғынның шағымын жариялады. Елорда тұрғыны балаларға тиіскен аула сыпырушысының педофил екеніне сенімді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мас ер адам арбаға таңылған зейнеткерге шабуыл жасаған. Бұл оқиғадан кейін тұрғындар полиция шақырған. Алайда бірнеше сағатқа созылған тексеруден кейін, тәртіп сақшылары аула сыпырушысын сөйлесіп, оны жіберген.
Дәл осы уақытта арбаға таңылған зейнеткерге мас ер адам шабуыл жасап, тұрғындар полиция шақырған. Бірнеше сағатқа созылған сот сыпырушымен әңгімелесу жүргізіліп, астаналықтардың өтініші қараусыз қалды.
"31 шілдеде аулада мас, баспанасы жоқ ер адам балаларға тиісті, тіпті екі қызды қылғындырып, құлағын тартқан. Бұдан басқа, менің арбаға таңылған атама тиіскен, қолына сызат түсірген...
Ол кісі аула сыпырушымыз болып шықты. Құжатсыз жұмысқа қабылданған, еңбегі ішімдікпен төленеді. Одан басқа тағы бір-екі сантехниктер де ішімдікке салынып, жертөледе тұратын болып шықты. Ал оларды жұмысқа алған ПИК бұл адамның әрекеті бейнеленген видеоны көру үшін аула камераларына рұқсат бермей отыр", - деп шағымданады қала тұрғындары.
Полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"31 шілдеде Полицияға Кенесары көшесінің бойындағы үйдің ауласында ер адамның мас күйде жүріп, тұрғындарды мазалап жүргені туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері 41 жастағы ер адамды анықтады. Медициналық қорытындыға сәйкес, ер адам "жеңіл" дәрежедегі мас күйде болған. Қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек