Екі қазақстандық шекарадан 275 келі зергерлік бұйымдар өткізбек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 19 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы "Қордай" көлік өткізу пунктінде екі қазақстандықты зергерлік бұйымдардың ірі партиясын әкеле жатқан жолда тоқтатқан.
Шекара бақылауы кезінде көлік салонынан салмағы 275 келі зергерлік бұйымдары бар 8 жол сөмке анықталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!