Air Astana әуе компаниясы Ақтау мен Атырауға қатынайтын, сондай-ақ ол жақтан ұшатын рейстердің кешігетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әуе компания жолаушыларға арналған ақпаратты ресми Telegram-арнасында жариялады.
"Аir Astana тобы Ақтау мен Атырауға қатынайтын, сондай-ақ ол жақтан ұшатын рейстердің қолайсыз ауа райына және Ақтау мен Атырауда мұзға қарсы арнайы сұйықтықпен өңдеу жұмысы мүмкін болмауына байланысты кешігетінін хабарлайды", - делінген хабарламада.
Жолаушыларға әуежайға бармас бұрын рейс туралы ақпартты ресми сайттан немесе мобильді қосымша арқылы тексеру ұсынылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек