- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екі жыл отырдым"....
"Екі жыл отырдым". Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова жылаған кездерін еске алды
Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова жылаған кездерін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, ана атанған кезде бала күтімімен үйде отырған кезде жылаған кездері болған екен.
"Екі жыл отырдым. Басында бірінші жылдары отырдым. Содан кейін отырған жоқпын. Айшаны (қызы-еск.) дүниеге әкелгеннен кейін екі жылдан кейін ғана жұмысқа шықтым. Оған да белгілі бір себептер болды. Өзімнің балалығым да болды ма, баламен бірге бала болып жылаған кездерім де болды.
Оның бәрі кез келген қазақ қызының басынан өтетін жағдай деп ойлаймын. Ал қалған балаларымды босана салып қырық күннен кейін жұмысқа шығатынға дағдыландым", - дейді әнші журналист Анна Данченкова берген сұхбатында.
Әнші екі жыл бойы үйде отыру қиын болғанын атап өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина