- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екі жастың ортасына...
"Екі жастың ортасына есі кеткен түседі". Жахан Отарғалиев айырылысуына не себеп екенін айтты
Актер Жахан Отарғалиев Балжан Бидашпен айырылысуына не себеп болғаны жөнінде "НТК" арнасының "Өзіміз ғой" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, екеуінің арасындағы келіспеушіліктерге ешкім себепші емес.
"Осы уақытқа неше түрлі жарнама беру тәсілін пайдаландым. Бірақ қандай жағдай болса да отбасыма хайп жасайтын адам емеспін. Бұл негізі салынбауы керек еді. Бірақ қыздармен баттл ойнаған кезде көбісі түсінбей, маған "әйелің көрінбейді ғой" деп көп жазып кетті. Сосын эмоциямен салынып кетті. Ертесі күні "не істедім" деп ойланып қалдым. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сырт көзге солай көріндік. Аллаға шүкір, жақсы тұрдық, жақсы өмір сүрдік. Арамызда болып жатқан конфликтіге ешкімнің қатысы жоқ. Бұл екеуміздің арамызда қалуы керек, - деді актер.
Өнер иесі қазір бұрынғы жұбайымен жақсы қарым-қатынаста екенін атап өтті. Сол үшін де көрермендерден өздері үшін дұға етуін сұрады.
"Түсініспеушілік болғаны рас. Қазіргі таңда бір-бірімізбен көшеде кетіп бара жатқанда өте жақсы қарым-қатынастамыз, Аллаға шүкір. Сол себептен жақсы ойда болыңыздар. Бір нәрсе айтайын, екі жастың ортасына есі кеткен түседі. Сол айналадан болмайық. Бізді сыйласаңыздар, ажыраспағанымызды қаласаңыздар, дұға етіңіздер. Ол қабыл болуы әбден мүмкін", - деді Жахан Отарғалиев.
Еске салайық, бұған дейін Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен айырылысқанын растағаны туралы жарияланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы