- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- өзбекстан жаңалықтары
Екі жасар қыз ойнап жүріп 135 магниттік шар жұтып қойған
Өзбекстандық дәрігерлер екі жасар Самира есімді қыздың асқазанынан 135 магниттік шарды алып шықты. Бұл туралы Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екі жасар Ферғана тұрғыны магнитті шарлармен ойнап отырып, бірте-бірте жұта берген. Шарлар қыздың асқазанында екі бөлікке бөлініп жиналған. Жағдай қыздың өміріне қауіп төндірген.
Самираның ата-анасы оны Ресейдің жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының Ферғана облыстық филиалына апарып, консервативті емдеу әдісін қолдануды өтінген. Қызды құстыру арқылы тек 14 шарды алуға мүмкін болған.
Кейін қызды Ташкентке жіберу туралы шешім қабылданды. Оған сол жерде төрт жарым сағатқа созылған ота жасалған. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында.
Күрделі операцияны медицина ғылымдарының докторы, профессор Хабиболла Окилов пен Ресейдің жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығының мамандары Нозим Урманов пен Ділмурод Сабиров жасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин