Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың жаңа ең төменгі жеткілікті шегін (ЕТЖШ) жариялады. Шек бір жыл ішіндегі екінші рет өсіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Енді зейнетақы жинағының артық бөлігін алу үшін 20 жастағы қазақстандыққа кемінде 6 670 000 теңге, 30 жастағы азаматқа – 9 750 000 теңге, ал 40 жастағы тұрғынға – 13 370 000 теңге керек.
Егер шоттағы сома бұл межеден аз болса, жинақты пайдалану мүмкін емес.
20 жас - 6 670 000 теңге;
21 жас - 6 960 000 теңге;
22 жас - 7 250 000 теңге;
23 жас - 7 540 000 теңге;
24 жас - 7 840 000 теңге;
25 жас - 8 150 000 теңге;
26 жас - 8 460 000 теңге;
27 жас - 8 770 000 теңге;
28 жас - 9 090 000 теңге;
29 жас - 9 420 000 теңге;
30 жас - 9 750 000 теңге;
31 жас - 10 090 000 теңге;
32 жас - 10 430 000 теңге;
33 жас - 10 780 000 теңге;
34 жас - 11 130 000 теңге;
35 жас - 11 490 000 теңге;
36 жас - 11 850 000 теңге;
37 жас - 12 220 000 теңге;
38 жас - 12 600 000 теңге;
39 жас - 12 980 000 теңге;
40 жас - 13 370 000 теңге;
41 жас - 13 760 000 теңге;
42 жас - 14 160 000 теңге;
43 жас - 14 560 000 теңге;
44 жас - 14 980 000 теңге;
45 жас - 15 400 000 теңге;
46 жас - 15 820 000 теңге;
47 жас - 16 250 000 теңге;
48 жас - 16 690 000 теңге;
49 жас - 17 140 000 теңге;
50 жас - 17 590 000 теңге;
51 жас - 18 050 000 теңге;
52 жас - 18 510 000 теңге;
53 жас - 18 980 000 теңге;
54 жас - 19 460 000 теңге;
55 жас - 19 950 000 теңге;
56 жас - 20 450 000 теңге;
57 жас - 20 950 000 теңге;
58 жас - 21 460 000 теңге;
59 жас - 21 970 000 теңге;
60 жас - 22 500 000 теңге;
61 жас - 23 030 000 теңге;
62 жас - 23 570 000 теңге.
Бұл – 2026 жылы жеткілікті шегінің осымен екінші рет өсуі. Қаңтарда 10 пайыз өсті. Ол кезде бұл үйреншікті, кезекті индексация болатын.
Сол жолғы өсімнен кейін зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану үшін қажет ең төменгі сома мынадай болған:
Жарты жылдан соң есептеудің жаңа әдістемесіне байланысты шекті деңгей тағы да жоғарылады.
Бұл жолы шекті межелердің өсуіне олардың жаңа формула бойынша есептелуі себеп болды. Бұл формула алдыңғысына қарағанда күрделірек.
Енді Қазақстанда лимиттерді есептеу кезінде адамның жасы, зейнетке шыққанға дейінгі қалған жылдары, болжамды өмір сүру ұзақтығы, болашақ зейнетақы жарналары мен жинақтардан түсетін инвестициялық табыс ескеріледі.
Осылайша, адамға зейнетке шыққаннан кейін қанша қаражат қажет болатынын бағалау туралы шешім қабылданды. Осы деңгейден асатын соманың бәрі бұрынғыша пайдалануға болатын "артық ақша" болып саналады.
Шекті мөлшерлерді есептеудің жаңа әдістемесі туралыүкіметте наурыз айында-ақ айтыла бастаған болатын. Ол кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев кейінгі бес жылда қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан 5 триллион теңгеге жуық қаражат алғанын және бұл ақшаның басым бөлігі жастарға тиесілі екенін мәлімдеген.
Министр атап өткендей, мұндай үрдіс "болашақ зейнетақыға кері әсерін тигізуі мүмкін". Сондықтан жеткіліктілік шегін есептеу тәсілін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Осылайша, халықтың зейнетақы жинақтарын сақтап, оларды "зейнетке шыққаннан кейін лайық табыспен" қамтамасыз ету көзделген.
"Олардың жинағы жоқ, болашақта олар тек 35-тен 80 мың теңгеге дейінгі ең төменгі базалық зейнетақы алатын болады. Мұндай ақшаға күн көру қиын", – деді министр.
Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын жұмсауға болатын мақсаттар тізімі қысқарып жатыр. 4 желтоқсаннан бастап Қазақстанда БЖЗҚ-дағы ақшаны офтальмологиялық емделуге пайдалануға тыйым салынды, ал бұған дейін шектеулер стоматологиялық қызметтерге де қатысты болған еді.