Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Ресей мен Беларусь одақтастығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тоқаев ЕЭО құрамындағы Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекет екеніне назар аударып, бірақ сонымен бірге интеграцияның басқа деңгейі - Қазақстан, Қырғызстан және Арменияның да бар екеніне назар аударды. Ол бұл жағдайда қалай жұмыс істеу керегін нақтылауды сұрады.
"Әлемдік саяси тарихта "Екі ел – бір мемлекет" формуласы бойынша мемлекет құрудың бірегей прецеденті немесе феномені жасалды. Бірыңғай одақтық үкіметпен, бір одақтық парламентпен. Кешірім өтінемін, тіпті ядролық қару да қазір екі мемлекетке ортақ болып тұр", - деді Қазақстан Президенті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!