Желіде Мақпал Жүнісованың сахнада ән айтып тұрғанын салған қызды өнер иесі сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қарағым, әннің қадірін қашырдың ғой, мен сіз сияқты айтпаймын, екі деген баға!" - деп жауап қатты өнер иесі.
Видеодағы тыңдарман бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Мақпал Жүнісоваға пародия салмадым, ол кісідей болу бізде қайда?! Үйдегілерге концерттен алған әсерімді бөлістім. Бұл видеоның тикток желісіне салынғанын да білмедім. Артық сөкпеңіздер", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз