- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Екі бірдей аймақта...
Екі бірдей аймақта қар көшкіні жүру қаупі бар
Өзбекстанның екі бірдей аймағында қар көшкіні жүруі ықтимал. Ташкент және Наманган облыстарындағы бірқатар таулы аудандарға табиғи апат қаупі төнді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Осыған орай, құтқарушылар аталған облыстардағы бірнеше ауданның тұрғындарына аса сақ болуды ескертеді. Әсіресе, саяхатшылар мен өзге елдерден келген демалушыларды тауға шығудан мейлінше аулақ болуға шақырды.
Өткен жылы Өзбекстанда төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар саны 34% кеміген. Тиісті министрлік өкілдерінің мәліметінше, бұған алдын алу шараларының сапалы жүргізілуі оң әсер еткен.
"2023 жылы елде 12 өрттен құтқару бекеті салынды, тағы 4 нысан күрделі жөндеуден өтті. 50-ге тарта арнайы техника сатып алынды. Сондай ақ су тасқыны мен өзге де апаттарды болдырмау мақсатында, жыл бойы 200 ден астам оқу- жаттығу жиыны өткізілді", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің басқарма басшысы Фурқот Абдуқодиров.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы