8 мамырда Қазақстанның екі қаласында жарты сағатта 2 бала терезеден құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болған. 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап түскен. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылған.
Ал екінші жағдай Семейде болған. Онда 3 жасар қыз бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған.
Осыған байланысты ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!