Екі әйел ұрлап әкеткен 16 жастағы қыздың жантүршігерлік оқиғасы: тағы бір дерек шықты

Алматы облысында екі әйел кәмелетке толмаған жасөспірімді ұрлап кеткен. Артынша жасөспірімді азаптап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп, бопсалаған. Бұл оқиғаға Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, екі әйел 16 жастағы қызды үйінен алдап шығарып, ұрлап әкеткен. Жәбірленушінің анасының айтуынша, бұл әрекетті жасауға әйелдің қызғанышы себеп болған. Күдіктілер - 1996 жылы туған екі әйел. Артынша олар ұсталды.

Әкімдіктің пікірі

Әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, күдіктілердің бірі 2021 жылдан бері Масақ ауылдық округі әкімі аппаратының компьютерлік техника операторы болып жұмыс істейді.

"Бұл лауазым мемлекеттік қызметке жатпайды, техникалық қызметке жатады. Қазір әйел қамауда отыр, сот шешімі шыққанға дейін жұмысынан уақытша шеттетілді", – деді әкімдік өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз