- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол ережесі
Екі ай ішінде 28 рет жол ережесін бұзған қостанайлық қомақты айыппұл арқалады
Қостанайда 720 мың теңге айыппұлы бар Toyota Alphard жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицейлер қаскөй ереже бұзушыларды анықтайтын ҚОРҒАУ жүйесінің көмегімен 2 ай ішінде 28 рет жылдамдықты шамадан тыс асырған 29 жастағы минивэн жүргізушісін ұстады. Ер адам осы күнге дейін 720 000 теңге көлемінде айыппұл жинап үлгерген.
Мысалы, 8 қазанда ол қала ішінде рұқсат етілген сағатына 60 шақырым жылдамдықтың орнына сағатына 101 шақырым жылдамдықпен жүріп өткен.
Сонымен қатар жүргізушінің техникалық тексеруден өтпегені анықталды. Бұл үшін оған қосымша айыппұл салынып, көлік тұраққа жіберілді.
Жыл басынан бері бұл жүргізуші жол қозғалысы ережелерін 40 рет бұзды, оның ішінде маневр жасау кезінде бұзушылықтар, рөлде ұялы телефонды пайдалану және жолаушыларды дұрыс тасымалдамау бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина