Екі ай бұрын із-түзсіз кеткен ақмолалық табылмай жатыр

Екі ай бұрын із-түзсіз кеткен ақмолалық табылмай жатыр
Фото: ©️ instagram/sinegor.kz

Екі ай бұрын із-түзсіз кеткен ақмолалық Ерлан Мусин әлі күнге дейін табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам жоғалып кеткені туралы оның ата-анасы хабарлаған. Олардың сөзінше, 2 маусымда сағат 13.30 шамасында ер адам үйінен шығып, оралмаған. Оның туыстары бірнеше күн бойы өздері іздеген, нәтиже болмағаннан кейін полицияға хабарлаған. 

Ер адамды іздеу жұмыстары тек Көкшетау бойынша емес, сондай-ақ көршілес аудандарда да жүргізілген. Арнайы іздеу топтары көршілес облыстардан да іздей бастаған. 

Полиция департаменті ер адамды көргендер болса құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина