Биыл қазан айының басында Жетісу облысының Панфилов ауданы Жаркент қаласында жоғалып кеткен 21 жастағы жас жігіт өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілер тобының әлеуметтік желідегі парақшасы жазба жариялады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Деректер бойынша, 2002 жылы туған Жанайбеков Кенжебек Нұрболдыұлы 3 қазанда жоғалып кеткен. Ол осы күні сағат 17:30-да ол Панфилов ауданы, Пиджим ауылы, Мұсаев көшесі, 5-үй мекенжайындағы үйден шыққан.
Белгілері: бойы 175-180 сантиметр, орташа дене бітімі, шашы қара, қысқа, кеудесінде үлкен тыртық бар.
Ал 18 қарашада жігіттің қайтыс болғаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!