Екі аптада жарты млн турист: Қазақстанға қанша ақша қалдырды?

Екі аптада жарты млн турист: Қазақстанға қанша ақша қалдырды?
Фото: Tengrinews.kz

2024 жылғы 1-13 қыркүйек аралығында Қазақстанға шетелден келген 597 мың туристің әрқайсысының шығыны орта есеппен 1500 АҚШ долларына тең болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көшпенділер ойындары мен Димаштың концертіне келген туристер Қазақстан экономикасына 625 мың АҚШ долларын құйды. 

«68 мың саяхатшы Астана және Алматы халықаралық әуежайлары арқылы, 529 мың турист авто және теміржол көлігімен келген. Шетелдік туристердің елімізде жұмсаған жалпы шығыны: 15,5 млн АҚШ доллары (7,5 млрд теңге). Алыс шетелден келген туристердің орташа шығыны: 1500 АҚШ доллары», - делінген ведомство хабарламасында.

 

Көшпенділер ойындарына келген туристер Қазақстан экономикасына 625 мың АҚШ долларын құйды. Ең көп туристер Қытайдан (33 мыңнан астам), Үндістаннан (6 мыңнан астам) және Германиядан (4 мыңнан астам) келген.

1-13 қыркүйек аралығында Ұлттық музейге 14 мыңнан астам, «Бәйтерек» монументіне 15 мыңға жуық, ал «Нұр-Әлем» павильонына 10 мыңға жуық турист барған. Этноауыл мен Көшпенділер ойындарын 250 мыңнан астам адам тамашалаған. Сондай-ақ eQonaq жүйесінде Астанада 12 500-ге жуық шетелдік турист тіркелген.

Еск салайық, Астана қаласында 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында V  Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Бақдаулет