Адам өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: бірі мамандық болса, екіншісі - жар таңдау. Бірақ уақыт өте келе таңдаған жарыңыз да өзгере бастауы мүмкін. Клиникалық психолог, медицина ғылымдарының кандидаты Денис Долгов бастапқыда болашақ жарды қалай таңдау керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life басылымына сілтеме жасап.
Сарапшының сөзінше, бастапқыда болашақ жарыңыздың қандай да бір мінезін немесе қасиетін ұнатқаныңызбен, ол уақыт өте келе жақсы жағынан да, жаман жағынан да өзгеріп кетуі мүмкін.
Психолог өмірде қандай ішкі және сыртқы өзгеріс болмасын, жар таңдауда екі-ақ нәрсеге назар аудару керегін айтады. Сол жағдайда ерлі-зайыптылар ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешеді.
"Ең алдымен сіз таңдаған адам сенімді болуы керек және ол адаммен уақыт өткізу сізге қызық болуы керек. Ол адам қандай жағдай болмасын сізге сатқындық жасамайтынына, сізді тастап кетпейтініне, қажет кезде қолдау білдіретініне 100 пайыз сенімді болуыңыз керек. Сонымен қатар, сіз күн сайын сөйлесіп, әңгімелесетін адам таңдайсыз. Бұл өмір бойы жалғасатын дүние. Сондықтан жарыңыздың адаммен сөйлесе білуі, оның қызық болуы, сізбен уақытты қызық өткізе алуы маңызды", - деп түсіндірді маман.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!