Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова қызық сұрағымен оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Адамның жүрегі біреу-ақ… Екі адамға бірдей ғашықпын дегенге сену бола ма..?! Пікірлеріңіз өте қажет", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары өнер иесінің сұрағына әртүрлі жауап берген.
"Әйелде жүрек біреу, еркектікін білмедім", "Адам екі адамды сүйе ала ма деп сұраған екен бір данышпаннан. Екі адамды сүйе алмайды, алдай алады деген екен", "Екіншісі пайда болса, демек біріншісін шын сүймеген, біріншісі ыңғайлы болған", "Ол адамға байланысты деп ойлаймын. Ал шын мәнінде жүрегімен сүю тек бір ғана адамды", "Әйел кісіге жараспайды екі жүрек, еркек кісілерге бәрі кешірімді", - дейді олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!