Шымкентте ер адамдар суицидке жиі баратын болып шықты. Өңір прокуратурасы 2022 жылы жасалған суицид туралы деректерді ұсынған. Былтыр 145 адам өз-өзіне қол жұмсаған, олардың 116-сы - ер адам, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Басылым мәліметінше, суицидке барғандардың көпшілігі 35 пен 54 жас аралығында болған. Суицид дерегі арасында ең танымал әдіс - асылып қалу (100 адам) болса, 17-сінде өткір заттар қолдану арқылы жасалған, 8 жағдайда биіктіктен құлаған, тіпті екеуі өздерін тірідей өртеп жіберген.
85 пайыз жағдайда адамдар суицидке сау күйде барса, 13 пайыз жағдайда мас күйінде және 2 пайыз жағдайда психикалық ауытқуына байланысты барған. Ал гендерлік сипаты жағынан бұл өңірде былтыр 29 әйел өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!