- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екі адам өзін...
"Екі адам өзін өртеп жіберген". Шымкентте ер адамдар жиі суицид жасайтын болып шықты
Шымкентте ер адамдар суицидке жиі баратын болып шықты. Өңір прокуратурасы 2022 жылы жасалған суицид туралы деректерді ұсынған. Былтыр 145 адам өз-өзіне қол жұмсаған, олардың 116-сы - ер адам, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Басылым мәліметінше, суицидке барғандардың көпшілігі 35 пен 54 жас аралығында болған. Суицид дерегі арасында ең танымал әдіс - асылып қалу (100 адам) болса, 17-сінде өткір заттар қолдану арқылы жасалған, 8 жағдайда биіктіктен құлаған, тіпті екеуі өздерін тірідей өртеп жіберген.
85 пайыз жағдайда адамдар суицидке сау күйде барса, 13 пайыз жағдайда мас күйінде және 2 пайыз жағдайда психикалық ауытқуына байланысты барған. Ал гендерлік сипаты жағынан бұл өңірде былтыр 29 әйел өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова