Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Борамбаев 19 жастағы мерзімді әскери қызметші Дінмұхаммедтің қазасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қыркүйекте әскери қызметшінің денесі Алматы облысындағы әскери бөлімнен табылған еді.
"Қазір тергеу жүріп жатыр, кез келген пікір қате тарап, зиян келтіруі мүмкін. Бұл - ата-ана үшін үлкен қасірет, біз үшін де ауыр соққы. ...Әке-шешесіне айтарым: сарбаздар әртүрлі уақытта және әртүрлі елді мекеннен шақырылған. Бірақ бұл тақырыпты эфирде қайта көтергім келмейді, жақындары мен туыстарына еске салады. Тергеу аяқталғанын күтейік. Қылмыстық іс қозғалды", - деді министрдің орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 19 жастағы мерзімді сарбаз өлі табылғаны хабарланды. Марқұмның әпкесі Еңлік Қалтаеваның айтуынша, оның інісі Дінмұхаммед егізінің артынан әскерге аттанған. Алдымен олар бір әскери бөлімде қызмет еткен, кейін біреуін басқа бөлімге ауыстырған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!