- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Егіз қызды әжесінің...
"Егіз қызды әжесінің көңілдесі зорлаған". Алматы облысындағы оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды
"Егіздерді зорлаған олардың өгей әкесі емес, нағашы әжесінің күйеуі". Алматы облысы Бақанас ауылында болған оқиға қатысты жаңа деректер ашылды. Егіз қызға жыныстық сипаттағы зорлық көрсетті деп қамауға алынған еркек олардың әкесі емес, 43 жастағы әжесінің көңілдесі екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ал қыздардың туған анасы шамамен жиырма жастағы әйел. Өзі есірткіге тәуелді.
Қазір қамаудағы Арсыланбек Қыдырбаев полицейлерге ұсталар күні шешесін шақырып, оқиғаның қалай болғанын айтып үлгерген екен. Келіні өз немересін күйеуінің қойнына салып берді деп отыр. Қорлық көрген егіздердің анасы есірткіге тәуелді дейді. Ал өзінің ішімдікке жақын екенін жасырмай айтып отыр.
Өгей немересін зорлады деп айыпталған 40 жастағы күдіктінің мас күйін көршілер сан мәрте көрген. Десе де отбасы тұйық болыпты. Ешкіммен араласпайды. Арсыланбек Қыдырбаевтің тұрақты жұмысы жоқ. Тек ауылда адам тасып күнелтіп келген.
Ал полицейлер екі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ол егіздердің нағашы әжесі мен оның көңілдесі. Тергеу жалғасып жатыр. Екі қыз қазір анасымен осы ауылдағы ауруханада емделіп жатыр. Біреуіне ота жасалыпты.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталғаны хабарланған еді.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы облысында өгей нағашы атасы қорлаған 3 жасар егіз қыздың жағдайы туралы айтты.
"Балалардың жағдайы орташа ауыр. Медицина қызметкерлері балаларды қабылдаған кезде ересек балалардың зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтады. Балалар толық тексеріліп, құқық қорғау органдарына уақытында хабар берілді. Олардың жарақатына байланысты балаларға операция жасалды", - деді Ажар Ғиният ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан