- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Египетте ер адамды...
Египетте ер адамды сүйіктісінің көзінше акула жеп қойған (видео)
Мысырдың курортында тағы да жан түршігерлік қайғылы оқиға орын алды. Хургада сүйіктісінің көзінше ер адамды акула жеп қойған.
Оқиға Dream Beach қонақүйінің жағалауында орын алған. Оқиғаның кейбір куәгерлері теңіз жыртқышы жағаға жақын жүзіп, ер адамды сүйреп әкеткенін айтады.
Желіде жарияланған кадрларға қарағанда, жергілікті тұрғындар ер адамға көмектесуге тырысқанымен, бәрі кеш болған. Акула оны тістеп өлтірген.
Кәуагерлердің айтуынша жігіт пен қыз суда болған кезде акула келген. Ер адам қызды құтқару үшін акуланың назарын өзіне аударған. Әйел жағаға шығып үлгерген.
"Қыз қашып үлгерді. Сұмдық, жігіттің қалдықтары суда жатыр. Дірілдеп тұрмын. Көз алдымда акула жігітті жеп қойды. Өзімді өте нашар сезініп тұрмын", - деген куәгерлердің бірі.
Египет теңіз полициясы қазіргі уақытта суда болу өте қауіпті екенін ескертеді.
Марқұм туралы толық ақпарат әзірге анықталмады. Бір нұсқаға сәйкес, оның ұлты орыс, турист емес, ұзақ уақыттан бері Египетте тұрған.
Сарапшылардың пікірінше, акула алдымен адамға шабуыл жасамайды, ол үшін елеулі себептер болуы керек. Бұл жолы не болғанын әлі де анықтау керек.
Baza мәліметінше, 23 жастағы ресейлік Владимир Попов бірнеше ай бұрын әкесімен бірге Хургадаға көшіп келген. Олар British Resort тұрғын үй кешенінен мүлік сатып алған.
Хургададағы төтенше жағдайдан кейін Қызыл теңіз жағажайлары жабылған.
Т. Раушанұлы