- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Егер сіз борышкер...
Егер сіз борышкер болсаңыз: Сот орындаушысы жалақының қанша пайызын ұстап қала алады?
Азаматтың сот өтеуге міндеттеген борышы болған жағдайда, сот орындаушысы оның айлық жалақысының белгілі бір бөлігін ғана ұстап қала алады. Ал егер сот орындаушысы белгіленген мөлшерден көп алатын болса, борышкер шағымдануға құқылы. Бұл туралы сот Динара Құйқабаева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соттың мәліметінше, сот орындаушысының заңға қайшы әрекеті туралы шағымды мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа түсіруге болады.
"Сот орындаушысы борышкер жалақысының 50 пайыздан астамын ұстап қалуға құқығы жоқ. Бұл шектеу Конституцияда көрсетілген, егер сот орындаушысы сіздің айлық жалақыңыздың толық сомасын ұстап қалатын болса, сіз оның әрекеті туралы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа шағым түсіруге құқыңыз бар", - деді Динара Құйқабаева.
View this post on Instagram
Айта кетейік, бұған дейін сот Динара Құйқабаева қоғамда резонанс тудырған іс бойынша процесті қарамауға кеңес бергені хабарланған болатын.
Сот бұл кеңесінің үш себебін түсіндірді.
- Кәсіби көзқарас;
- Әріптестік көзқарас;
- Психология тұрғысынан көзқарас.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сібір жарасы адамға қалай жұғады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә