"Егер де қосылмасам сүйгеніме". TikTok-та өлең оқып, танылған қыз кім?

"Егер де қосылмасам сүйгеніме". TikTok-та өлең оқып, танылған қыз кім?

TikTok желісінде "Егер де қосылмасам сүйгеніме" деп басталатын өлең жолдарын оқитын қыз танымал болды. Ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында өзі туралы айтып берген еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде дәл осы өлең жолдарына түсірілген видео көп.

@aqtare

♬ оригинальный звук - Дина
@aqtare

Іздейбермеңдерш наҚу ?

♬ оригинальный звук - Дина
@zh_erbolat

Кеттік ал дуэт тусирип тастаңыздар??❤️

♬ оригинальный звук - zh_erbolatova

Ал TikTok-та тараған осы дауыстың иесі - Дина Нұрпейісова Жамалиқызы. Оның жасы 32-де, Жетісу облысы, Сарыөзек ауданының тұрғыны.

@dina_nur01

♬ оригинальный звук - Дина

"Кербұлақ аудандық тіркеу және кадастр бөлімінде бас маманмын. Жұмыс істеп жатқаныма 12 жыл болды. Мамандығым - заңгер. Шығармашылық екі жақтан да дарыған, нағашы атам - айтыскер ақын, әкем өлең оқиды, өлең шығарады. Әкемнің өлеңдері сақталмады, 12 жасымда қайтыс болған. Өзім де шабытым ашылғанда, өлең шығарамын", - дейді ол.

Ол өлеңді әлеуметтік желіден тапқанын айтты.

"Бұл - әзіл өлең, өзім солай қабылдадым. Өлеңді "ВКонтакте" желісінен таптым, өкінішке қарай, авторы белгісіз. Бір шумағын таптым. 2 жыл бұрын Instagram желісіне салған едім, ол парақшамды белгісіз біреулер бұғаттап тастады. Кейін жаңа парақшама, TikTok-қа салдым. Қаралымы 1 миллионға жуық болды. Қанша адам болса, сонша пікір болады екен. Біреулер жақтады, біреулер даттады. Ешкімге өкпем жоқ. "Бетің бес гектар, алты гектар, бетіңе егін егуге болады" деген пікірлер де жазылды. Мен оған ренжімеймін. Ұятсыз нәрсе жазғандарды бұғаттадым", - дейді Дина.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова