"Қалаулым" жобасының танымал қатысушысы Ислам Алтайбаев бұрынғы әйелі Шынар Меджановамен "Қалаулым" жобасын басталмай жатып жүріп кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Анна Данченкоға берген сұхбатында бөлісті.
"Қалаулымның" алғашқы жұбымыз, бірақ эфир басталмай тұрып жүріп кеткенбіз. Оны редакция эфир басталғанда білді. Қалауымда жақсы қыздар бар ма деп жүрмін. Эфирдің алдында 2 апта бұрын дайындық болды, сол кезде екеуміз 1 апта бойы сөйлесіп, кейін жүріп кеттік. Ешкім білген жоқ. Ешкімге айтпа дедім. 2-3 аптада жүргенде айттық. Басында ол қызға ғашық болған жоқпын, мені оған жақындастырған халық еді. Өзім байқамай қалдым. Күнде көретінім сол. Ол қыз көп жылады. Үйленетін уақыт келді", - деді ол.
Блогер шапалақпен тартып жіберуді ұру деп санамайтынын жасырмады.
Айта кетейік, бұған дейін "Қалаулым" арқылы танылған блогер Шынар Меджанова жүктілігінің 9 айында төркініне неліктен қайтқанын түсіндірді.
"Ыңғайсыз жағдай болды. Дәл сол сәтте нүкте деген шешімге келген шығармыз. Сол себепті баланы босануға Семей қаласына кеттім. Мен кеттім деп айтқан да дұрыс емес шығар. Үлкен түсініспеушіліктен кейін үйдегі адамдар кетіп қалды. Тоғызыншы айда үйде жалғыз қалдым. Әке-шешем уайымдап, "әртүрлі жағдай болуы мүмкін, қасыңда ешкім жоқ, ...басың сау, аман болып тұрған кезде үйге жетіп ал" деді. Сол себептен Семейге кеттім. Артынан бұл әңгіме мүлдем басқаша айтылды", - дейді блогер.
Еске салайық, бұдан бір жыл бұрын "Қалаулым" бағдарламасындағы танымал жұп Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова ажырасып кеткен еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз