Әлеуметтік желіде Қостанай тұрғыны қаланың сауда-ойын-сауық орталығының бірінде әйелдердің қоғамдық дәретханасында қыздарға сығылап қараған ер адамға шағымданды. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео "ilovekostanay" Instagram-парақшасында жарияланды.
Видео авторының айтуынша, 28 мамырда ол СОО-ның екінші қабатындағы әйелдер дәретханасына кірген. Кабиналардың біріндегі дыбыс күдік тудырған.
"Ортадағы кабина маған бүртүрлі болып көрінді, сосын ұялы телефонымның камерасын қосып, еденде жатып, сығылап қарап тұрған ер адамды түсіріп алдым. Кейінірек бейнебақылау камералары арқылы 40 жастағы ер адам тіркелді... Ол әйелдер дәретханасында шамамен 30 минут болды", - деп жазды Қостанай тұрғыны.
Сонымен қатар, ол сауда орталығының әкімшілігі мен күзетшісі оның шағымын байыпты қабылдамағанына назар аударды, содан кейін ол полицияға жүгінген.
Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Оған 20 АЕК (73840 теңге) дейін айыппұл салынуы немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тәрбиешілерге арналған тілектер
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз