ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары 63 жастағы әйелге көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кезекшінің пультіне Екібастұздағы Жүсіп көшесінде тұратын қарт әйел екінші күні есікті ашпағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдардың көмегімен есікті ашып, еденде жатқан әйелді тапты.
Содан кейін оған алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!