eGov.kz-те мүгедек жандарға арналған қызмет жаңартылды

Енді сот әрекетке қабілетсіз деп таныған 18 жастан асқан адамдардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығына сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметтер саласында «кедергісіз орта» құру азаматтардың әртүрлі санаттары үшін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Бұрын сот әрекетке қабілетсіз деп таныған 18 жастан асқан адамдардың қамқоршылары қағаз түрінде құжаттар жинап, арнайы өтінімдерді рәсімдеу үшін кезекте тұратын. Жаңартылған қызмет уақытты едәуір үнемдеп, қажет құжаттарды онлайн режимде беруге мүмкіндік береді.

  • Енді қамқоршыларға мемлекет көрсететін қызметтердің келесі түрлерін алуға онлайн өтінімдерді рәсімдеуге болады;
  • Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету;
  • Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану;
  • Мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету;
  • Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
  • Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
  • Есту қабілеті нашар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін пайдалану (жылына 60 сағат);
  • Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алу;
  • Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алу.

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін не істеу керек?

  • eGov.kz порталында авторизациядан өту және «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөліміне өту қажет;
  • Бұдан әрі «Мүгедектігі бар адамдарды қолдау» бөлімінде ұсынылған тізбеден көрсетілетін қызметті таңдау керек;
  • ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою керек.

Көрсеткен уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен жеке кабинетте танысуға болады («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде).

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз