eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды тану бойынша қызмет пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Енді пайдаланушылар онлайн режимінде электрондық үкіметтің порталында жоғары, орта, техникалық және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қызметіне өтінім бере алады. Бұл пайдаланушыларға білім туралы бұрын алынған құжаттардың түпнұсқалығын растауға мүмкіндік береді.
Қызметті алу нәтижесінде пайдаланушы бұрын жоғалған құжаттың түпнұсқалығын тану туралы куәлік ала алады, оның телнұсқасын ала алады немесе шетелде алынған білімнің түпнұсқалығын растай алады. Қызмет Қазақстанда және одан тыс жерлерде білім алғанын растайтын құжаттарға таралады.
Қызмет құжаттардың екі санаты: орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар бойынша жұмыс істейді.
5 қадам жасап қызметті ала аласыз:
Жеке кабинетте сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу, ол көрсетілген уақыт ішінде келіп түседі.
Бұл қызмет сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ бөлімшелерінде офлайн режимінде қол жетімді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!