eGov-та маңызды функция пайда болды

eGov-та маңызды функция пайда болды

eGov порталында бір ЖСН-ге тіркелген мобильді нөмір санын тексеруге арналған жаңа функция пайда болды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Интернет алаяқтармен күрес туралы айтқан Мәдиев eGov-та мобильді нөмірлер заңсыз тіркелуіне қарсы күресуге көмектесетін жаңа функция енгізілгенін мәлімдеді.

"eGov-та бір ЖСН-ге тіркелген SIM карта санын тексеру функциясын іске қостық. Қазір eGov-қа кіріп, өзіңіздің ЖСН-іңізді енгізу арқылы қанша мобильді нөмір тіркелгенін оңай тексере аласыз. Егер көрсетілген сан сіз шын мәнінде пайдаланатын нөмірлерге сәйкес келмесе, дереу мобильді операторға жүгініп, бұл жағдайды анықтай аласыз", – деді Мәдиев Мәжіліс дәлізінде.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда SIM карта сатып алудың жаңа ережелері енгізілетіні хабарланды.

Жаңа SIM карта сатып алу кезінде биометриялық тіркеу енгізіледі, сондай-ақ, SIM карталарды үшінші тұлғаларға заңсыз беру бойынша жауапкершілік қолданылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!