- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- eGov-та жаңа қызмет...
eGov-та жаңа қызмет пайда болды
Енді сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызмет онлайн режимінде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен:
- азаматтық қызметке кіру кезінде;
- квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде
- сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер алуға болады.
Айта кетейік, бұған дейін мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және оның өңірлік басқармалары азаматтардың жеке өтініштері бойынша Е-otinish азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы алуға болатын.
Мәліметтер жұмыс берушіге ұсынылғаннан кейін, жұмысқа қабылдау туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына жол берілмейді.
Бұл жаңартулар Қазақстан Республикасы Президентінің бюрократиядан арылту туралы Жарлығы шеңберінде жүзеге асырылғанын атап өткен жөн, оның маңыздылығы - мемлекеттік басқарудың барлық салаларын цифрлық трансформациялау және жүйелі реинжинирингтеу.
"Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың болашақ қызметкерлері үшін қажет. Қолайлы болу, уақытты үнемдеу үшін, мемлекеттік органдармен бірлесіп, оны онлайн форматқа ауыстырдық. Сонымен қатар, бұл қызмет түрі танымал, іске қосылған сәттен бастап 98 мыңнан аса адам мәлімет алды. Сонымен қоса, жақын арада біз қызметті үшінші тұлғалардың сервисі арқылы іске қосамыз", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
eGov.kz порталында жаңа қызметті алу үшін пайдаланушылар:
- порталда авторланудан өту;
- басты бетте "Азаматтарға" - "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" - "Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу" бөлімін таңдау қажет;
- "Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы мәліметтер беру" қызметін таңдап, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу қажет;
- қызметке ЭЦҚ қою және алу.
Қызмет көрсету мерзімі:
- 10 минут;
- қосымша тексеру қажет болған жағдайда - 5 жұмыс күні;
- қосымша тексеру жүргізілген жағдайда, 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші сұрау салуды алған сәттен бастап 20 жұмыс күні өткен соң қайта өтініш беру қажеттігі туралы аралық жауап жолданады.
Қызмет көрсету нәтижесі Хабарлама болып табылады, жеке кабинетте "Қызметтер тарихы" бөлімінде түпкілікті процестік шешім қабылданбаған сыбайлас жемқорлық баптары бойынша қозғалған қылмыстық істің болуы не болмауы туралы мәліметтер болады.
Бұл ретте аталған қызмет түрі eGov мобильді қосымшасының "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде қолжетімді. Мәліметтер eGov mobile-ге Хабарландырулар бөліміне жіберіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина