Енді қазақстандықтар бұрын алған колледждің дипломдары мен мектептегі аттестаттарын eGov.kz порталында цифрландыра алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді болмақ.
"Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет тек бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді", - деп жазылған хабарламада.
"Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді жаңарту (түзету)" мемлекеттік қызметі кеңейтілген. Бұрын бұл қызмет тек қате мәліметтерді түзетуге мүмкіндік берсе, енді білім туралы құжаттарды цифрландыруға өтініш беру мүмкіндігі қосылған.
Қызметті пайдалану үшін:
"Құжаттарды цифрландыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазір 1980 жылдан 2023 жылға дейін берілген орта білім, техникалық және кәсіби білім беру құжаттары цифрландырылады. Қызмет көрсету уақыты - 5 жұмыс күні".
Ұсынылған құжаттар немесе деректер қате болған жағдайда қызметтен бас тартылуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!