eGov порталында жаңа қызмет пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Енді әскери оқу орындарының бұрынғы курсанттары оқу орнына қайта қабылдану үшін онлайн түрде өтінім бере алады.
"Қызмет тегін ұсынылады және кем дегенде бір семестр оқуын аяқтаған азаматтар үшін қолжетімді", – деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін мұндай рәсім қолжетімсіз болған және оқу орнына барып, өтінішті жеке тапсыруды талап еткен. Сондай-ақ, жеке куәлік, транскрипт, қызмет орнының мінездемесі, суреттер, әскери билет көшірмесі және басқа да құжаттардан тұратын құжаттар пакетін жинау қажет болған.
"Өтінімді оқудан шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде ғана беруге болады. Егер бұл мерзім өтіп кетсе, оқу орнына қайта қабылдамайды", – деп жазылған хабарламада.
Әскери оқу орнына қайта қабылдану үшін мына әрекеттерді орындау қажет:
Өтінімді қарау мерзімі – 20 жұмыс күні.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!