eGov, eOtinish: Қазақстанда бірнеше цифрлық сервис уақытша тоқтайды

eGov, eOtinish: Қазақстанда бірнеше цифрлық сервис уақытша тоқтайды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда eGov, eOtinish және бірқатар өзге цифрлық сервис уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл туралы электрондық үкіметтің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын басқаратын "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компанияның мәліметінше, техникалық жұмыстарға байланысты сервистер 18 шілде сағат 21:00-ден 19 шілде сағат 08:00-ге дейін іркіліспен жұмыс істеуі немесе мүлде ашылмауы мүмкін.

"Ықтимал қолайсыздықтарды болдырмау үшін барлық қажетті операцияны алдын ала аяқтауды ұсынамыз", — делінген хабарламада.

Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Уақытша шектеу eGov электрондық үкімет порталына, eGov Mobile мобильді қосымшасына, eOtinish платформасына, eLicense электрондық лицензиялау порталына және «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін басқа да жобаларға қатысты болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін 12 шілдеден бастап ХҚО-ларда бірқатар танымал қызметке өтініш қабылдау тоқтатылғаны хабарланған еді. Енді бұл қызметтер тек онлайн көрсетіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget