Цифрлық даму министрлігі ХҚО сайты мен eGov мобайл қолданбасына бұзу туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мессенджерлерде тараған хабарламаның жалған екенін және шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Электрондық үкімет порталы және eGov Mobile мобайл қолданбасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Үшінші тұлғалар портал мен мобайл қолданба пайдаланушыларының деректеріне қол жеткізе алмайды. Жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұраймыз. Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қолданбасының қызметі туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда, eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады. eGov.kz порталы және eGov Mobile жұмысы туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша байланыс орталығының 1414 телефон нөміріне хабарласуға болады", – деп хабарлады министрлік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!