eGov Mobile-да жаңа функция пайда болды

eGov Mobile-да жаңа функция пайда болды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Енді eGov Mobile мобильді қосымшасымен жеке үйді газға қосуға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жеке үй иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн да ала алады. Қызмет QazaqGaz Aimaq АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлғалар үшін тегін ұсынылады.

Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық жолды толтырып, мүлікке қатысты мәліметтерді растауы қажет.

Өтінім дұрыс толтырылған жағдайда, техникалық шарт беріледі.

Ол техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина