Американың eBay интернет-аукционы штаттың 7%-ын қысқартпақ, бұл шамамен 2,4 мың қызметкер, деп хабарлайды bnews.kz сайты ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
Мұндай шешімнің қабылдануына қайта құру мен PayPal төлем сервисінің жеке компанияға бөлінуі себеп болып отыр.
Жаңа компанияның басшысы болып бұдан бұрын American Express бөлімшелерінің бірін басқарған Дэн Шульман тағайындалмақ.
PayPal алғаш рет ІРО-ны 2002 жылы өткізген еді, осыдан кейін еВау аталмыш компанияны 1,5 млрд долларға сатып алды.
сурет: forbes.com