Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Данияр Шамшаев Париж Олимпиадасындағы командалық жарысты қорытындылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аралас командалық жарыста қазақстандықтар Бразилия құрамасына есе жіберді.
"Қарсыласымыз өте мықты спортшылардан құралған. Біз де барымызды салдық. Қыздарымыз жеңіліс тапқан соң, жалпы есепте қуып жете алмадық. Біз үшін бұл үлкен тәжірибе. Бұдан соң тек мықты болып ораламыз", - деді Шамшаев.
Командалық жарыста Қазақстан атынан Абиба Әбужақынова, Есмигүл Куюлова, Камила Берліқаш, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар және Нұрлыхан Шархан күресті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!