Дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық қыздар екі қола алды

Ташкентте әскерилер арасында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық екі спортшы қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қоржынға қола салған қыздар - Екатерина Токарева мен Кәмила Берліқаш.

Екатерина Токарева -78 келіде өзбекстандық дзюдошыны иппон ұпайымен жеңді. Аса ауыр салмақта Кәмила Берліқаш та қола жүлде иеленді. Ол белдесуде Франция спортшысын 6 секундта иппонмен жеңді.

Еске салайық, чемпионатта ерлер арасында 60 келіде қазақстандық қос дзюдошы финалға шығып, Нұрқанат Серікбаев алтын алса, Шерзод Давлатов күміс медаль иеленді. Ал 66 келіде Жанарыс Рахметқали қола жүлдеге ие болған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз