- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дзюдодан әлем чемпионаты:...
Дзюдодан әлем чемпионаты: бүгін татамиге шыққан барлық балуанымыз жеңіліп қалды
Абу-Даби қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының екінші жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін татамиге шыққан төрт балуанымыз да бірінші белдесуден өте алмады.
66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев израильдік Тал Фликрден жеңілді. Осы салмақтағы жас балуан Жанарыс Рахметқали франциялық Валид Хиярдан айла асыра алмады.
73 келідегі Бақытжан Әбдурахманов германиялық Игорь Вандткеден ұтылса, Данияр Шамшаев әзербайжандық Әділ Османовқа айла көрсете алмады.
Сондай-ақ, 57 келідегі Бақыт Құсақбаева да түркиялық қарсыласына жол берді. Осылайша, екінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлде ауылына жақындай алмады.
Айта кетелік, кеше Абиба Әбужақынова (48 келі) қола жүлдегер атанса, Елдос Сметов (60 келі) бесінші орыннан көрінген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан