“Дюна“ фильмінің үшінші бөлімі Маңғыстауда түсірілуі мүмкін

“Дюна“ фильмінің үшінші бөлімі Маңғыстауда түсірілуі мүмкін
Фото: Көрнекі сурет

Әлемге танымал "Дюна" фильмінің режиссері Дени Вильнев әлеуметтік желідегі парақшасында үшінші бөлім туралы жазба жариялаған. Суретте Қазақстанның Маңғыстау өлкесі бейнеленген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желі қолданушылары режиссердің жаңа жазбасына қарап "Дюна" фильмінің үшінші бөлімі Қазақстанда түсірілуі мүмкін екенін болжады. 

TikTok желісінде осы тақырыпқа қатысты түрлі скриншот, видеолар тарап, қызу талқыланып жатыр. 

Әлеуметтік желідегі деректерге қарағанда "#DunePart3" хэштегі және "Марс па?" деген жазуы бар жазбада Маңғыстау облысындағы Бозжыраның суреті бар.

Фильмнің фанаттарына танымал фильмнің жаңа бөлімі қазақ жерінде түсіріледі деген теория ұнап қалған сияқты. "Ландшафт дәл Махдиге арналған", "Осы арқылы еліміздің көркем жерлерін әлемге танытып, турист тартуға болады", – деп жазып жатыр олар. 

Кей қолданушылар бұл сурет жасанды интеллектінің көмегімен жасалғанын айтып, Қазақстанда түсіріледі дегенге онша сенбей отыр. Ал режиссер Дени Вильнев фильмнің үшінші бөлімі туралы әлі нақты мәлімдеме жасамады.

Өкінішке қарай, бастапқы нұсқадағы ақпарат қате. Шын мәнінде Маңғыстау суреті фанат аккаунтында жарияланған болып шықты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева