- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Дым қалған жоқ"....
"Дым қалған жоқ". Су тасқынынан үйі құлағанда баласына жазған хаты жұртты жылатқан тұрғын үйлі болды
Ақтөбе облысында су тасқынынан үйі құлағанда баласына жазған хаты жұртты жылатқан тұрғын үйлі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде аудиосы тараған адам - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Екпетал ауылының тұрғыны Самат Бисенбин. Жуырда ол жаңа баспаналы болды.
"Бізге үш нұсқаның бірін таңдау ұсынылды: аудан орталығынан тұрғын үй сатып алу, жаңа үй салу немесе мемлекет қаражатына салынған үйге кіру. Біз аудан орталығындағы үйді таңдадық. Құжаттарды ретке келтіріп, өз атыма ресімдедім", - дейді Самат Бисенбин.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында су тасқынынан үйі құлаған ер адамның баласына жазған хаты тарап кеткен еді.
"Қалайсың, балам, амансың ба? Әй, ауыл кетті, түгел кетті. Үй де кетті. Үйдің құлағанын көзіммен көрдім ғой. Балабақшаның төбесіне шығып қарап тұрдық. Ауылдың бүкіл үйі құлады. Қойлар Ойылда тәтенің үйінде, сиырлар Барқында, ат Барқында. Тікұшақпен көрдім, аман-есен, бірақ үйдің құлағанын көзіммен көрдім, дым қалған жоқ, опырылып, судың ішіне түсті. Су деген кәдімгі шатырға жетті ғой. Аман болайық, деніміз сау болсын", - дейді ер адам баласына әлеуметтік желіде тараған видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейінірек Massaget.kz тілшісі әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодағы адамдарды тауып, өңірдегі жағдай туралы сұрады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова