Youtube-те қазақстандық қолданушыларға "осы дүйсенбіден бастап" зейнеткерлер, аз қамтылғандар және азаматтардың басқа да санаттары 300 мың теңге мөлшерінде арнайы жәрдемақы, ал олардың кейбіреулері 200 мыңнан үстемеақы алатыны туралы жарнамалық видео тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде тараған бұл видео - Atameken Business телеарнасының жаңалықтар шығарылымынан алынған үзінді. Алайда оның дыбысталуы өзгертілген. Жүргізушінің дауысы басқа дауыспен алмастырылып, ол мәтінде қомақты жәрдемақылар туралы айтылады.
Телеарнаның сайтында зейнеткерлер мен аз қамтылғандарға төленетін 300 мың теңге мөлшеріндегі төлемдер туралы жаңалықтар жоқ.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да осындай тақырыптағы жаңалықтар болмаған.
Сонымен қатар, хабарландырудың мәтіні де күмәнді. Біріншіден, "осы дүйсенбіден бастап" деген сөз өте бұлыңғыр. Диктор нақты күнді атамайды, яғни көрермендерді шатастырады. Екіншіден, жаңа, ұлғайтылған төлем тағайындалған азаматтардың санаттарына тоқтала келе, ол зейнеткерлерді, кедейлерді және "басқа санаттарды" атайды. Бұл нақты тұжырым емес және оған бәрі бірдей жатады. Бұл да жаңылыстырады.
Бұл жарнамалық видеоның мақсаты - көрерменнің мазмұны қандай да бір төлемдерге қатысы жоқ үшінші тарап сайтына өтуі.
Бұл дәлелдерге сәйкес, 300 мың теңгелік жәрдемақы төленетіні туралы жарнама жалған деп қорытынды жасауға болады. Бұл туралы ресми ақпарат жоқ, ал ролик жасау үшін пайдаланылған бағдарламаны шығарған Atameken Business телеарнасында мұндай жаңалықтар шықпаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!