Дәрігер Михаил Лебедев "Страстиге" берген сұхбатында душқа аптасына қанша рет түсу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарапшының сөзінше, душқа аптасына қанша рет түсу керегінің ережеге сай нақты саны жоқ. Бірақ ол орта жастағы адамға аптасына үш-төрт рет негізінен кешке жуыну жеткілікті екенін түсіндірді, өйткені душқа кешке түсу ұйқының жақсаруына және денеге босаңсуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, дәрігер ауыр физикалық белсенділік немесе спортпен шұғылданғаннан кейін гигиеналық процедураларды жиі жүргізу керегін еске салды.
"Ашына аймақты, қолтық пен аяқты күн сайын жуу ұсынылады. Әрине, егер ыңғайлы болса, күн сайын душ қабылдауға болады, бірақ сабын, сусабын, гельді күнде қолданудың қажеті жоқ", - деді Михаил Лебедев.
Айта кетейік, бұған дейін душ қабылдау кезінде назардан жиі тыс қалатын дененің 3 бөлігі хабарланған болатын.
Ең алдымен, дәрігер құлақтың артқы аймағын жууды ұмытпауға шақырды, әсіресе тері қабыршақтанып, жағымсыз иіс шығатын болса.
Сонымен қатар, маман кіндікке назар аударды.
"Бұл денеде тер мен кірдің жиналуы үшін ең ыңғайлы орын", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, дәрігер душ қабылдау кезінде тырнақтың астын арнайы щеткамен тазалауды ұсынды. Оның айтуынша, егер сіз бұлай жасамайтын болсаңыз, онда олардың астында алтын түстес стафилококк дамуы мүмкін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз