Америкалық дерматолог Линдси Зубрицкий душ қабылдау кезінде жиі назардан тыс қалатын 3 дене мүшесін атады. Бұл туралы ол TikTok-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ең алдымен, дәрігер құлақтың артқы аймағын жууды ұмытпауға шақырды, әсіресе тері қабыршақтанып, жағымсыз иіс шығатын болса.
Сонымен қатар, маман кіндікке назар аударды.
"Бұл денеде тер мен кірдің жиналуы үшін ең ыңғайлы орын", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, дәрігер душ қабылдау кезінде тырнақтың астын арнайы щеткамен тазалауды ұсынды. Оның айтуынша, егер сіз бұлай жасамайтын болсаңыз, онда олардың астында алтын түстес стафилококк дамуы мүмкін.
Тағы да оқи отырыңыздар: Күнде таңертең жүгірсе, не болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!